From Wikipedia, the free encyclopedia
Аягөз – Абай, Жетісу облыстары аумағындағы өзен. Үлкен Аягөз және Кіші Аягөз өзенінің қосылуынан кейін Аягөз аталады. Ұзындығы 450 км, алабының ауданы 15,4 мың км2.
Аягөз өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 450 км |
Су алабының ауданы |
15,4 мың км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдері |
• Биіктігі | 1661 м |
• Координаттары | 47°24′56″ с. е. 81°39′46″ ш. б.47.415679° с. е. 81.662681° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Балқаш көлі |
• Координаттары | 46°39′46″ с. е. 79°14′14″ ш. б.46.66267° с. е. 79.237304° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай, Жетісу облыстары |
Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдерінен (1661 м) бастау алады. Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіне құяды.
Жылдық орташа су ағыны мөлшері 5 м3/с. Жылдың 2-жартысында және құрғақшылық жылдары суы Балқаш көліне жетпейді. Жоғарғы ағысының жағалары тік шатқалды, ал орта және төменгі ағыстары кең жайылымды болып келеді. Балқашқа құяр жері сортаң және батпақты. Ұзынды-қысқалы 312 саласы бар. ірі салалары: Нарын, Балықты, Батпақты, Айғыз, Қурайлы, Таңсық. Негізінен, қар және жер асты суларымен толығады. Сәуір-мамыр айларындағы су ағымы мөлшері 80- 170 м3/с-ке дейін жетеді, ал тамыз-қыркүйек айларында 0,6- 2,0 м3/с-ке дейін төмендейді. Қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Суы тұщы, минералдылығы 0,3-8,1 г/л. Химиялық құрамы — сульфатты натрийлі. Суы ауыз суға, жайылымды суландыруға және өндірістік-техникалық мақсаттарға пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.